Deprecated: Non-static method Joomla\CMS\Plugin\CMSPlugin::loadLanguage() should not be called statically in /var/www/vhosts/v-8155.webspace/zhangala-college.kz/plugins/system/jsecure/jsecure.php on line 23
Профессиональная практика
Slider

Кәсіптік практика

Мамандығы: 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)

Біліктілігі: 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші

Электр газымен дәнекерлеуші

Іскерліктер мен дағдылар

Өндірістік оқыту.

Слесарлық жұмыстар.

Металл тазалау, белгі қою, пластиналарды және құрбырларды шабу, ию, кесу, жазықтықты және пластина шеттерін, құбырларды егеу, бұрғылау, саңылау жасау.

Жинақтау – дәнекерлеу жұмыстары.

Жинақтау – дәнекерлеу жұмыстарын атқарғанда ТҚ нұсқамасы. КДД үшін жабдықтармен таныстыру.

Біліктерді плантинаға доғалы жапсыру.

Жапсарлы, бұрышты, таврлы біріктірулерді жинау. Төменгі жағдайда жапсарлы және бұрышты жапсырмаларды бір қабат дәнекерлеу. Жабық электродтармен доғалы кесу. Төменгі жағдайда жапсарлы және бұрышты жапсырмаларды көп қабат дәнекерлеу.

Пластиналар мен түтіктерге саңылау жасау. Еңкейген жағдайда жапсарлы, бұрышты жапсарларды дәнекерлеу. Жылтыр болатты дәнекерлеу. Метал құрылғысының жай түйінділерін жинау және дәнекерлеу. Тік, көлденең жапсырмаларды қолмен доғалы дәнекерлеу. Бұрылатын, бұрылмайтын түтік жасарларын қолмен доғалы дәнекерлеу, фланецтерді дәнекерлеу.

Дәнекерлеу жапсырмаларын тығыздыққа тексеру. Жоғары өндірісті дәнекерлеу тәсілдері.

- металл мен материалдарды дәнекерлеуге дайындау;

- жұмыс орынды және құралдарды дайындау;

- күрделі емес біріктірулерді жинау;

- төменгі жағдайда валиктерді балқыту және пластинаны, арматурлық стерженьдерді дәнекерлеу;

- жабық электродтармен электрдоғамен кесу;

- тік және көлденең жағдайда және көп қабатты жапсырмалау арқылы валикті балқыту,

- пластинаны дәнекерлеу;

- әрқилы конфигурациялы жазықтықты бағыттау;

- құбырлардың бұрмалы түйіспелерін орындау;

- тік, көлденең және жапсарма, бұрыштық түйіспелерді орындау.

- құбырлардың бұрмалы, бұрылмайтын түйіспелерін орындау, фланецтердің бұрыштық, сақиналы түйіспелерін орындау;

- дәнекерленген түйіспелерді сумен, керосинмен тығыздыққа тексеру

- қосарланған электродтармен дәнекерлеу технологиясы т.б.

Оқыту практикасы

Мекемемен танысу. Мекеме өндіретін өнім. Мекеменің негізгі жабдығымен танысу. Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық. Дайындау және дәнекерлеу цехтарындағы жұмыстың ұйымдастырылуымен, жұмыс орындарымен, көлік құралдарымен танысу.

Металды дәнекерлеуге дайындау ережесімен танысу. Дәнекерлеу жабдықтарымен және аппаратурамен, оларға қызмет ету ережелерімен танысу.

- жабдықтар мен құралдарды жұмысқа дайындау, оларды тиісті тәртіпте ұстау;

- металды дәнекерлеуге дайындау

- еңбек қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

Технологиялық практика

Шойын және түсті металлдарды қолмен доғалы дәнекерлеу.

Шойынды қолмен доғалы дәнекерлеу. Түсті металлдарды және оның ертінділерін қолмен доғалы дәнекерлеу. Қатты қорытпаларды балқыта қаптау.

Металлды газбен дәнекерлеу және кесу.

Дәнекерлеу жабдығы және аппаратурасы. Металлды газбен кесу технологиясы. Металлды кислородпен кесу. Металлды газбен кесу және дәнекерлеу бойынша кешенді жұмыстар.

- шойынды жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу;

- түсті металлды дәнекерлеу;

- дәнекерлеу жұмыстары үшін жұмыс орнын дайындау;

- ацетилен генераторымен және дәнекерлеу қыздырғышымен жұмыс орындау;

- газбен дәнкерлеу арқылы жапсырмаларды жасау;

- кислородпен кесу;

- металл құрылғыларын газбен дәнекерлеу арқылы жинау, дәнекерлеу және күрделі емес түйіндер жасау;

Диплом алдындағы практика

Барлық жазықтық жағдайында аз көміртекті және төменлегірлі болатты КДД.

Жоғары көміртекті және легірлі болатты КДД

Бұрылатын, бұрылмайтын құбырларды КДД, фланец жапсыру.

Металл құрылғыларын механикалық дәнекерлеу.

Шойын және түсті металлды қолмен доғалы дәнекерлеу.

Жапсырмалау жұмыстары

Дәнекерленген құрылғылар сапасын бақылау.

- Барлық жазықтық жағдайында аз көміртекті және теменлегірлі болатты КДД жұмыстарын орындау.

- Жоғары көміртекті және легірлі болатты құрылғыларды жинау дәнекерлеу.

- Бұрылатын, бұрылмайтын құбырларды КДД, фланец жапсыру құрылғыларын жинау, дәнекерлеу.

- Газдан қорғанысы бар ортада жартылай автоматты машинада құрылғыларды жинау және дәнекерлеу

- Автоматты машиналарда флюс арқылы құрылғыларды жинау және дәнекерлеу жұмыстары үшін жұмыс орнын дайындау;

- Кіші диаметрлі құбырларды, аз көміртекті және легірлі болат құрылғылары, сонымен қатар түсті металл құрылғыларын жинау, дәнекерлеу.

- Ыстық және суық дәнекерлеу арқылы болат құрылғыларды жинау, дәнекерлеу.

- Мыспен, алюминимен, титанмен т.б. түсті металлмен және олардың қорытпаларымен дәнекерлеу.

- Әр қилы жазықтықты қолмен доғалы және газбен дәнекерлеу.

- Дәнекерлеген құрылғылардың сапасын бақылау.

Дәнекерлеген біріктірулердің сапасын бақылау.

Дәнекерлеген құрылғылардың сапасы және ақауы туралы жалпы түсінік. Бақылау түрлері. Бақылаудың бұзылмайтын түрлері, бұзылатын түрлері. Дәнекерлеген біріктірулерді бақылау құралдары. Металл мен дәнекерлеген біріктірулерді бақылау әдісін таңдау және ұйымдастыру.

- Дәнекерлеген біріктіру түйіндерін, заттар мен құралдарды, қымбат бұйымдарды және құрылғыларды бақылау және сынау түрлері мен әдістері;

- Рентгендік және гаммаграфикалық, түсті, магнитұнтақты және ультрадыбысты дефектоскопия үшін құрылғылары мен құралдарды бақылау әдістері мен түрлері;

- Электронды-сәулелі дәнекерлеу құрылғысының жұмыс жаау принципі;

- Басқару нормативтік-техникалық құжаттар;

- Мемлекеттік және салалық стандарттар техникалық жағдайлар жұмысты бақылаудың жалпы ережелері

- Ақау түрлерін анықтау, қорытындылау, жүйелеу;

- Қажетті құжаттар дайындау

 

Мамандығы: 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Біліктілігі: 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі

 Өндірістік оқыту және кәсіби практика

Слесарлық

Іскерліктер мен дағдылар

Кіріс сабағы; өлшеу құралдары, металдарды шабу, металдарды кесу; металдарды егеу; бұрғылау; зеңкерлеу, ұңғылау; ойманы кесу; ысқылау; жиынтық жұмыстары.

Дағдылар:

- детальдарды дайындау операциялық карталарын дайындау

- барлық слесарлық тараулар бойынша практикалық жұмыстарды жасау

- детальдарды дайындау ұсыныстары бойынша металл және қорытпа маркаларын таңдау

- детальдарды өңдеу үшін керектң , құралдарды таңдау, сыртқы бетінен және тұйықтан металл маркасын анықтау.

Іскерліктер: кабинеттерді, шеберханаларды және лабораторияларды қамтамасыз ету үшін арналған бұйымдарды істеу; өлшеу құралдарын пайдалану, шабу машықтарын оқу, түзету, иілу, кесу, үзінділеу, бұрғылау, ойманы ою, ысқылау, қырнау, слесарлық жұмыстардың барлық түрлерімен жұмыс істей білу.

Кәсіби практика

Таныстыру

Техника қауіпсіздігі; өндірісте және шеберханаларға экскурсия; слесарлық және білдектер практикасы бойынша тақырыптары мен танысу; жабдықтар мен саймандар мен танысу; жасайтын жұмыстар бойынша қысқаша мәлімет.

Біледі

- өлшеу құралдары (штангенциркульді, микрометрді және т.б)

Оқыту

Автомобиль құрылымы:

Автомобиль қозғалтқыштары, қозғалтқыш жүйелері және механизмдері; автомобиль трансмиссиясы; трансмиссия агрегаттары; кабина, кузов және жүрубөлігі ; басқарумеханизмдері; руль басқару; тежеуіш жүйесі.

Іскерліктер:

- автомобильдің ақауын білуге;

- жұмысының әртүрлі пайдалану көрсеткіштерін ажырата білуге;

- қос иінді бұлғақты және газ тарату механизмдерін жартылай бөлектеуін және жинауын өткізе білуге;

- салқындат, майлау, қоректендіру, оталдыру жүйелерінің құралдарын жартылай бөлшектеуін және жинауын білуге;

- трансмиссия агрегаттарын жартылай бөлшектеуін және жинауын білуге.

Дағдылар: автомобиль агрегаттарымен түйіндерінің бөлшектеуін және жинауын істей білу; заманға сай құралдарды қолданып қозғалтқыш жүйесін және механизмдерін бөлшектеу және жинау; заманға сай құралдарды қолданып трансмиссия агрегаттарын бөлшеутеу және жинау.

Демонтаждау- монтаждау:

Қозғалтқышты, салқындату және майлау құралдарын бөлшектеу және жинау; қоректендіру жүйенің құралдарын бөлшектеу және жинау; электржабдықтар жүйесін бөлшектеу және жинау; ілісністі, айқар топсалы берілістерді бөлектеу және жинау; беріліс және үлестіруші қораптарды бөлшектеу және жинау; артқы белдікті және артқы доңғалақ тежеуіштерін бөлектеу және жину; алдыңғы белдікті, руль басқарымын, тежеуіш жетегін және алдыңғы доңғалақтардың тежеуішін бөлшектеу және жинау

Дағдылар: Қозғалтқышты, электржабдықтар құралдарын, трансмиссия агрегаттарын және механизмдерін, тежеуіш жүйесін, руль басқаруының түйіндері мен құралдарын бөлшектеуін білу; көтеру және тасымалдау құралдары мен гидравликалық және пневматикалық престарды, шинаны монтаждау құралын пайдалануды білу; микрометриялық саймандарды пайдалана білу.қозғалтқышты бөлшектеуін және жинауын білуге; электржабдықтар құралдарын, трансмиссия агрегаттары мен механизмдерін, руль және тежеуіш басқарымын түйіндері мен құралдарын, бөлшектеуге және жинауын білуге.

Іскерліктер:

- қозғалтқышты, электржабдықтар құралдарын, трансмиссия агрегаттары мен механизмдерін тежеуіш жүйесімен руль басқарымының түйіндері және құралдарын бөлшектеуін және жинауын орындай білуге;

- технологиялық карта бойынша практикалық жұмыстарды өткізу.

Технологиялық өндірістік практика

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу: Автомобильдерге ТҚК және АЖ (ағымды жөндеу) өткізу бойынша жұмыстар; Автомобильді жалпы тексеру; қозғалтқышты, салқындату және майлау жүйесін диагностикалау; қоректендіру жүйесі, іліністі, беріліс қорабын, айқыртопсалы берілістерді , артқы белдікті, алдыңғы белдікті және руль басқарымын тежеуіш жүйесі, жүру бөлігін, кабинаны, платформаны, электржабдықтарды, диагностикалау; майлау- тазалау жұмыстары.

Дағдылар:

- автомильдің ақауларын анықтауын білуге;

- жұмыстың әртүрлі пайдалану көрсеткіштерін ажырата білуге;

- қос иінді бұлғақты және газ тарату механизмдерін жартылай бөлектеуін және жинауын өткізе білуге;

- қоректендіру мен оталдыру жүйелерінің құралдарын жартылай бөлшектеуін және жинауын өткізе білуге;

- негізгі жұмыстың түрлеріне байланысты керекті құралдарды дұрыс таңдау;

- құралдарды мағынасы бойынша қолдану.

Іскерліктер: автомобильдің түйіндері мен агрегаттарын бөлшектеу және жинау бойынша негізгі әрекеттерін білу; қозғалтқыш жүйесі мен механизмдерін бөлшектеу және жинау кезінде заманға сай құралдарды қолдану; техникалық қызмет көрсету өндірісінде технологиялық және жөндеу құралдарды пайдалану.

Диплом алды практика

Мекемемен танысу; техника қауіпсіздігімен танысу; автосервис бөлімдерінің жұмысын оқып білу; есеп жазуда жиналған материалдарды жүйелеу

Дағдылар:

барлық алған білімді жүйелеп және мамандық бойынша есеп беру кезінде қолдануды білуге.

Іскерліктер:

Практикалық үрдісінде оқу кезінде алған білімдерді пайдалана білу.

 

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

previous arrow
next arrow
Slider
 
Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Адрес: ул. Дина Нурпеисова 12, офис 27
Instagram: Torus.kz