Deprecated: Non-static method Joomla\CMS\Plugin\CMSPlugin::loadLanguage() should not be called statically in /var/www/vhosts/v-8155.webspace/zhangala-college.kz/plugins/system/jsecure/jsecure.php on line 23
О проекте
Slider

Жоба туралы

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында салтанатты Жастар жылы ашылуы шарасында берген тапсырмасы негізінде әзірлеген. Аталған жобаның негізгі мақсаты – сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша колледж бен жоғарғы оқу орындарын жаңғырту мен білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірбиені енгізу болып табылады. 

Мақсаты: «Жас маман» жобасы аясында білім беру үрдісін заманға сай жаңғырту, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу.  

«Жас маман» жобасын жүзеге асыру ережелері, механизмдері 2019 жылдың 27 қыркүйек күні қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №425 бұйрығымен бекітілген. Бұл Жоба аясында 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын қайта жаңғырту қарастырылған. Оның ішінде материалдық-техникалық базасын жаңғырту, оны жетілдіру кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары бар.

2020 жылы "Жаңақала колледжі" осы аталмыш жобаның 323 млн 312 мың теңге грантына ие болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрал-жабдықтарды сатып алу жүзеге асырылды.   

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, «Жаңақала колледжі» МКҚК 2020 жылы  323 млн 312 мың қаржыға қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу үшін Жас маман жобасына қатысты.

Колледжімізде «Жас маман»  жобасына қатысу үшін мынадай мамандықтар бекітілді:

  • Мамандығы: 07161300 - Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, 3W07161301 – «Автокөлікті жөндеу слесарі», 4S07161304 – «Техник-механик» біліктілігі;
  • Мамандығы: 07150500- Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 - «Электр газымен дәнекерлеуші» біліктілігі;

«Жас маман» жобасын іске асыру ережесіне сәйкес колледжде жабдықтарды орнату үшін зертханалар мен шеберханалар жөндеуден өткізіліп, дайындалды.  Зертханалар  мен шеберханалар тиісті жиһазбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

Оқу-материалдық базаны жаңғырту Worldskills форматында кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін қазіргі заманғы құзыреттер орталықтарын құруға  мүмкіндік береді.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

previous arrow
next arrow
Slider
 
Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Адрес: ул. Дина Нурпеисова 12, офис 27
Instagram: Torus.kz