Deprecated: Non-static method Joomla\CMS\Plugin\CMSPlugin::loadLanguage() should not be called statically in /var/www/vhosts/v-8155.webspace/zhangala-college.kz/plugins/system/jsecure/jsecure.php on line 23
«Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын Жаңақала колледжінен Жаңақала мектеп-гимназиясына табыстау шарасы оздырылды.
Slider

«Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын Жаңақала колледжінен Жаңақала мектеп-гимназиясына табыстау шарасы оздырылды.

2020 жылдың 21 ақпан күні мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын Жаңақала колледжінен Жаңақала мектеп-гимназиясына табыстау шарасы оздырылды.

Мамандықтар бойынша және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Аль-Фарабидің 1150, Абай Құнанбаевтың 175, Жұбан Молдағалиевтің 100, Ұлы Жеңістің 75 жылдықтарына арналған кітап көрмесі жасақталды. Сахнаны мың бұралған бишілеріміз бір шаңырақ астында бірігіп өмір сүріп жатқан ұлттар биімен ашса, колледж қызметкерлері әсем үндерімен әуелете әндетті. Тарихи-сазды кеште осы жылы аталып өткелі отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175, Жұбан Молдағалиевтің 100, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы тақырыптары қамтылды. Шара соңында аталмыш эстафетаның маңызды символы болған "Тілек кітабы" мен статуэтканы колледж директоры С.Ж.Жардемалиев Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Л.Т.Қожахметоваға табыстады.

Государственные символы

Флаг РК

Герб РК

Гимн РК

previous arrow
next arrow
Slider
 
Torus.Kz | Тел: +7 (7112) 33-04-33, +7 (708) 433 04 33 | toruskz@mail.ru, infotorus@mail.ru, kaztorus@gmail.com
Адрес: ул. Пугачева 37, офис 1
Instagram: Torus.kz